Dataset Viewer
Auto-converted to Parquet
audio
audioduration (s)
0.75
26.6
text
stringlengths
1
324
Шымкенттегі Қазығұрт мөлтек ауданының халқы жылдар бойы жол азабын тартып келді.
Жуырда осы жердің халқы көшеге асфальт төселіп, жарық шамдардың орнатылғанын айтып сүйінші сұрады.
Бұдан бөлек қала іргесінде жатқан «Нұр шуақ» шағын ауданында да ауызсу құбырының құрылысы басталды.
Қазығұрт шағын ауданындағы Талғар көшесі қазір адам танымастай өзгерген.
Тұрғындар тақтайдай тегіс жолға дән риза.
Ал былтыр бұл маңайдың тоз-тозы шығып жатқан болатын.
Халықтың жан-айқайы жоғары жаққа жеткен соң, қаржы бөлініп, асфальт төселді.
«Енді еш қымсынбастан, қалада тұрамыз деп айта аламыз» – дейді тұрғындар.
Абай Өтелов, қала тұрғыны.
"Жаңбырда, қарда жүрдік.
Міне, айнадай етіп асфальт салып берді.
Бұрын нашар еді.
Аяқ-киіміміз де лай болатын. Қазір тамаша.
«Хабар» Агенттігіне рахмет айтамыз.
Осы халықтың мұң-мұқтажын былтыр да келіп, тыңдап еді.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданының әкімі.
Талғар көшесінде өткен жылы «Хабар» Агенттігі келіп, мәселені көрген болатын.
Оған жиырма бес миллион теңге қаржысы бөлініп, Талғар көшесі толығымен асфальттау жұмыстары аяқталды
Ол жерде жаяу жүргінші жолы, су ағарлары бар.
Осы секілді мәселелерді жасап жатырмыз.
"Бұл көшеде жарық шамдар атымен жоқ болатын.
Ата-аналар: «Кеш батқанда мектептен қайтатын ұл-қыздарымызға қиын еді» – дейді.
Қазір жолмен бірге көше шамдары да ретке келтіріліпті.
Ал бұл – Солтүстік Саяжай тұрғын алабы.
Жуырда атауы «Нұр шуақ» болып өзгерген мегаполис іргесіндегі елді мекен.
Шағын аудандағы инфрақұрылым мәселелері туралы жаңалықтарымызда бірнеше рет айтқан едік.
Мұнда тұрғындар таза ауызсусыз күн кешіп келеді.
Су таситын көліктер жауын-шашын кезінде ауызсу әкелуді доғарады.
Өйткені жол жоқ.
Ал биыл көптен күткен таза ауызсу келіп жатыр.
Қазір құрылыс жұмыстары басталған.
Зибагүл Қосуақ, қала тұрғыны.
Бұқаралық ақпарат құралдар өкілдеріне хабарласып, ауылымыздың мәселесін ортаға тастағанбыз.
Биыл екі трансформатор қойып, шаммен қамтамасыз етті.
Ауызсуды да жылжытып берді.
"Суды да тендерден ұтыпты.
Оның жобасы жүргізіліп жатыр.
Бұл елді мекеннің балалары көрші шағын аудандағы мектепке, кейбіреулері қала орталығына қатынап оқиды.
Сондықтан білім ұясының жоқтығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр.
Ал көгілдір отынды тартуға сметалық-жобалық құжаттары дайындалып жатыр.
Қала іргесінде тұрса да, өркениеттен алыстап қалған тұрғындардың тілегі біреу.
Ол – инфрақұрылымның толық тартылуы.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов.
Ал Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмек.
Сол арқылы жалпы ұзындығы елу алты шақырым болатын екі канал қазылады.
Бұл Қашаған мұнай-газ кен орнының кеме қатынасын жақсартады.
Алайда экологтар тереңдету жұмыстары су айдынының биоалуантүрлілігіне (кері әсерес) кері әсерін тигізеді деп алаңдап отыр.
Соңғы он бес жылда Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейі айтарлықтай төмендеген.
Мұнай өндіруші компания қызметкерлерінің айтуынша теңіз түбі тереңдетілмесе, бес жылдан кейін мұнай өндірісі тұралап қалуы әбден мүмкін.
"«Алайда тереңдету жұмыстары су айдынындағы биоалуантүрлілікке кері әсерін тигізеді» – дейді эколог мамандар.
Арман Хайруллин, эколог.
"Теңіз түбіндегі су түбі бентусқа тұнған.
Мұның барлығы балықтың азықтық қоры.
Егер қазатын болса, осының бәрі өлетін болады.
Балық шаруашылығына үлкен кері әсерін тигізеді деп есептеймін.
Мұны нақты зерттемей тұрып, бұл жұмыстарды бастау әлі ерте деп санаймын.
Теңіз түбін тереңдету арқылы салынатын екі каналдың ені сексен метрден жүз он бес метрге дейін болады.
Мұнай өндіру компаниясы қызметкерлерінің айтуынша.
Тереңдету жұмыстары кезінде қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейді.
Бұл жобаны жүзеге асыру үшін талдау жүргізіліп, мемлекеттік органдармен келісім де жасалған көрінеді.
Қуанышбек Маханов, мұнай-газ компаниясының өкілі.
Пандемияға қарамастан, компания қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін жобаны әзірлеу кезінде экологиялық әрі биотехникалық зерттеулер жүргізілді.
Сондай-ақ осы жобаны дайындау барысында мемлекеттік органдармен бірқатар алдын ала кездесу өтті.
Өңір жұртшылығымен де жүздестік.
Теңіз түбін тереңдету жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасымен Экология департаменті әлі таныспаған.
Әзірге белгілі болып отырғаны, тереңдету кезінде он тоғыз миллионға жуық текше метр топырақ шығарылады екен.
Бұл жұмыстар екі мың жиырма бірінші жылдан бастап екі мың жиырма екінші жылдың соңына дейін жоспарланған.
Авторы: Асланбек Шығыр, Амантай Матенов.
Қоршаған ортаны, ауаны ластаған өнеркәсіптік нысандар енді еселеп айыппұл төлейді.
Қоршаған ортаға келген зиян көлемі қанша болса, соған лайықты төлемдер жасалуы тиіс.
Ол үшін ауаның ластану деңгейін анықтайтын арнайы датчиктер орнатылмақ.
Мәжілісте Экологиялық кодекс жобасын талқылау барысында халықтың денсаулығына зиян келтірмей, кәсіпорындарды да тығырыққа тіремей, мәселені оңтайлы шешудің жолдары талқыланды.
Президент биылғы Жолдауында жыл соңына дейін Парламентке Экологиялық кодекстің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Экологиялық қауіпсіздік – ел Президенті қойып отырған міндет.
Мәжіліс депутаттары кодекс құжатын сарапшы экологтар, қоғам белсенділерімен бірге талқылауда.
Экология министрлігі екі мың жиырма бірінші жылы арнайы тексеріспен ірі өнеркәсіптік елу нысанның тізімін жасамақ.
Олар зиянды қалдықтар үшін айыппұл төлейді.
Еуропа елдеріндегідей ауаға бөлінетін зиянды азайту үшін үздік технологиялар қажет.
Мәжіліс депутаттары үздік қолжетімді технологияларды қолданып, кешенді экологиялық рұқсаттамаларға көшу нормасына тоқталды.
Талапты екі мың жиырма бесінші жылдан ерте орындаған кәсіпорындар эмиссиялық төлемдерден босатылмақ.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Ең үздік қолжетімді технологияларды қолдану арқылы біз қазіргі экологиялық проблеманы шешуді жоспарлап отырмыз.
Технологиялық процестерді жаңарту арқылы қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетеміз.
Еуроодақ елдері үздік қолжетімді технологияны енгізуге он бес жыл уақыт жұмсады.
Бұл жылдам жасалатын дүние емес.
Әрине, соңғы үлгідегі қолжетімді технологияларды енгізу оңай шағылар жаңғақ емес.
Демек, талапты орындап үлгермейтін нысандар болары хақ.
Мәжіліс депутаттары олардың қарыздың астында көміліп қалмауына назар аудартты.
Шавхат Өтемісов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Егер үздік қолжетімді технологияларды енгізіп, бірақ қандай да бір жекелеген көрсеткіштер бойынша белгіленген нормативтерге қол жеткізе алмаған жағдайда осындай кәсіпорындар не істеу керек?
Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Он жыл беріледі, екі мың жиырма бесінші жылдан екі мың отыз бесінші жылға дейін.
Он жылдан кейін егер кәсіпорын мойнына алған міндеттерді орындамаса, төленген салық төлемдер (сол мекемеге) сол мекемеден бюджетке қайта қайтарылуы тиіс.
Егер жетпіс пайыз орындалса, тек отыз пайыз ғана орындалмаған жағдайда кәсіпорындарға қосымша бір жыл беріледі.
Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин (кәсіпорындарды то) кәсіпорындарды тығырыққа тіремеуді алға тартты.
«Өндіріс көлемі кеміп, жұмыс орындары қысқармауы қажет» – деді Мәжіліс спикері.
Керісінше кәсіпорындар қайта жарақтандырылуы тиіс.
Депутаттар сондай-ақ елімізде Еуразиялық арнайы экономикалық одақтың техникалық регламентіне сай келмейтін көлік шығарып, пайдалануға тыйым салатын нормаға қатысты алаңдаушылығын білдірді.
Мұрат Теміржанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Өндіріске қатысты келісуге болады.
Ал пайдалануға қатысты мәселе сұрақ тудырады.
End of preview. Expand in Data Studio
README.md exists but content is empty.
Downloads last month
49