context
stringlengths
26
640
question
stringlengths
13
155
answer
stringlengths
1
231
topic
stringclasses
13 values
Қаратау – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері – 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері – Бессаз тауы (2175 м).
Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы қалай аталады?
Қаратау
geo
Қаратау – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері – 60 – 80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері – Бессаз тауы (2175 м).
Ең биік жері Бессаз тауы болатын тау жотасы қалай аталады?
Қаратау
geo
Қорықтағы ең ірі өзен Ақсудың ұзындығы – 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі – жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың – 550, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген.
Ақсу-Жабағылы қорығындағы ен үлкен өзеннің ұзындығы қандай?
120 шақырым
geo
Ақсу-ЖАбағылы қорығының өсімдіктер дүниесі де әр алуан. Онда мүктің – 61, қынаның – 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 түрі бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің – 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар т.б.) құстардың – 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық т.б) бауырымен жорғалаушылардың – 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты шұбар қара жылан, сұржылан т.б) қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және өзендерінде балықтың екі түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрі бар.
Қорықта қандай қосмекенділер тіршілік етеді?
жасыл құрбақа және көлбақа
bio
Алаша хан күмбезі – Ұлытаудағы сәулет өнері ескерткіші. Ол Қаракеңгір өзенінің жағасында, биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы (Х–ХІІІ ғасырлар) сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер жаңа болжамдар (ХV–ХVІ ғасырларға тән деушілер де бар) жасаса да, күмбездің әбден мүжіліп, тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі оны арғы замандарға сілтейді.
Алаша Хан күмбезі қайда тұр?
Қаракеңгір өзенінің жағасында, биік жотаның үстінде
geo
Алаша хан күмбезін, сондай-ақ Қазақстан жеріндегі Айша бибі, Жошы хан, Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінің үлгісімен салыстыруға болады. Түрлі түсті және көлемі әртүрлі кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы жасалып, бетінің масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектелуі өзінен кейінгі Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата мазарларына үлгі болған.
Алаша хан күмбезінен кейін қандай мазарлар салынған?
Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата мазарлары
history
Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ең басты құралы. Сондықтан оны ұқыпты қолданып, ұқсата пайдалану аса қажет-ақ. Алайда бұл талапты ұстана бермейтін, сөз мәдениетіне салақ қарайтын адамдар аз емес. Мысалы, кейбір балалар сабақта немесе жиналыста сөйлеген кезінде «сөйтіп», «нетіп», «сондықтан», «жаңағы», «ендеше», «демек» сияқты сөздерді айтар ойға ешбір қатысы болмаса да, төпеп орынсыз қолдана береді.
Кейбір балалар сабақта немесе жиналыста сөйлеген кезде қандай орынсыз сөздер қолдана береді?
«сөйтіп», «нетіп», «сондықтан», «жаңағы», «ендеше», «демек»
biblio
Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады.
Тамақтың құндылықтарын жоғары екендігін көрсететеін қазақ мақал мәтелдері қандай?
арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен
ethno
Вавилонның көшелері таңның атысы, күннің батысы жан-жақтан келген саяхатшыларға толады. Саяхатшылар әңгімесінің басты тақырыбы – патша сарайындағы таңғажайып тамаша аспалы бақ болған. Оны Вавилон патшасы Навуходоносор сүйікті әйелі Семирамидаға арнап салған деседі.
Вавилон патшасы Навуходоносор әйеліне не арнап салды?
Аспалы бақ
history
Жердің нағыз геометриялық пішіні – геоид, яғни Жердің экваторлық радиусынан плюстік радиусының 22 шақырымға кем болуына байланысты полюстер маңында Жер үстіңгі жағынан қысыңқы болып келеді
Геоид дегеніміз не?
Жердің нағыз геометриялық пішіні.
geo
География ғылымы ежелгі Грекияда пайда болған. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен алғашқы географиялық түсініктерді қалыптастырып, ең алғашқы картаны жасаған. Сол себепті Эратосфенді "география ғылымының атасы" деп атайды.
Эратосфен кім?
Ең алғаш картаны жасаған грек ғалымы.
geo
Ғаламшарлардың маңында айналып жүрген аспан денелері ғаламшардың табиғи серіктері деп аталады. Жердің жалғыз табиғи серігі бар. Ол – Ай. Ай мен Жердің арасындағы арақашықтық 384 мың шақырым. Ай – Жер табиғатына айтарлықтай әсер етеді.
Қай аспан денесі жердің жалғыз табиғи серігі?
Ай.
geo
ХV ғ. атақты неміс картографы Мартин Бехайм алғашқы глобусты жасады. Оның глобусында Еуропа, Азия, Африка бейнеленген. Бехаймның глобусында Америка туралы түсінік жоқ. Оның орнын, Бехаймның ойы бойынша, Еуропадан Шығыс Азияға қарай мұхит алып жатыр.
Мартин Бехайм кім?
Алғашқы глобусты жасаған,неміс картографы.
geo
Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен жазық ойпат деп аталады. Ойпаттар физикалық карталарда жасыл бояумен көрсетіледі.Жер шарындағы ең үлкен ойпат – Амазонка ойпаты. Амазонка ойпаты Оңтүстік Америка материгіндегі Бразилия мемлекетінің аумағын алып жатыр.
Жер шарындағы ең үлкен ойпат?
Амазонка.
geo
Литосфералық тақталар мантияның беткі қабаты астеносфера бетімен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.
Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын кім ұсынды?
А.Вегенер
geo
Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Желдің бағытын көрсететін құрал желбағар деп аталады. Жел жылдамдығын Бофорт деп аталатын шкаламен анықтайды.
Желбағар дегеніміз не?
Желдің бағытын көрсететін құрал.
geo
Қазақстан аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 табиғат зонасы кесіп өтеді: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік, жануарлар дүниесімен ерекшеленеді.
Қазақстан аумағын неше табиғат зонасы кесіп өтеді?
4
geo
Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.
Пластидтер нешеге бөлінеді?
3-ке.
bio
Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент – хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.
Хлорофилл дегеніміз не?
Хлоропласттағы жасыл пигмент .
bio
Вакуоль – цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.
Цитоплазмада орналасқан , сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы жасуша бөлігі?
Вакуоль.
bio
Мүше – өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тіршілікке қажетті, әр түрлі қызмет атқаратын мүшелерден тұрады.Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) болып 2-ге бөлінеді. Өсімді мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
Өсімдіктің өсімді мүшелеріне нелер жатады?
Тамыр, сабақ, жапырақ.
bio
Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі . Тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді. Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді.
Өсімдіктің жер асты мүшесі не?
Тамыр.
bio
Амеба - біржасушалы жәндік. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды , ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі – арцелла.
Арцелла дегеніміз не?
Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі.
bio
Пластидтер – өсімдік жасушаларында ғана болатын әр түсті бояуы бар және бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органоидтар. Мысалы, хлоропластар өсімдік мүшелеріне жасыл түс береді. Фотосинтез процесін жүргізеді.
Өсімдік жасушаларында болатын, бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органоидтар дегеніміз не?
Пластидтер.
bio
Бактерия (грекше «таяқша») – біржасушалы ағза.Бактериялардың басым көпшілігі таяқша пішінді болады. Дегенмен шар, үтір, оралма тәрізді пішіндері де кездеседі Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады.
Бактерия дегеніміз не?
Біржасушалы ағза.
bio
Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Цианобактериялардың үш тобы бар: хроококкалар, хамесифондар, гормогониялар.
Цианобактериялардың неше тобы бар?
Үш.
bio
Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер – сапрофиттер.
Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететін бактерия түрі қалай аталады?
Сапрофиттер.
bio
Вирус – жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалық зат. Ол бактериядан кіші. Вирус – латынша «у» деген сөз. Вирусты өсімдікке де, жануарға да жатқызуға болмайды. Вирус терминін 1899 ж ботаник М. В. Бейерник ғылымға енгізді.
Вирус термині қай жылы ғылымға енгізілді?
1899 жылы.
bio
Балдырлар – теңіз, мұхиттар жағалауындағы тіршіліктің көзі, жан-жануарлардың мекені.Жасыл балдырлардың бір өкілі – хламидомонада. Ол тоқтау суларда тіршілік етеді. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады.
Хламидомонада қайда тіршілік етеді?
Тоқтау суларда.
bio
Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым – энтомология.
Энтомология дегеніміз не?
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым.
bio
Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің бірі - нәзікқұйрық инелік. Қазақстанның Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілік етеді. Бұл – ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Өйткені ол басқа бунақденелілер мен масаны қорек етеді.
Нәзікқұйрық инелік Қазақстанның қай аумағында тіршілік етеді?
Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында.
geo
Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т.б. жатады. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология деп атайды.
Жорғалаушыларды зерттейтін зоология саласы?
Герпетология.
bio
Құстар класы – омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы. Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8600-ға жуық түрі таралған. Қазақстанда құстардың 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы – тұрақты, жылы қанды әрі жоғары. Құстар барлық құрлықтарда кеңінен таралған.
Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың неше түрі таралған?
8600-ға жуық түрі таралған.
bio
Құстар класы – омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы. Денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қазіргі кезде дүние жүзінің түрлі аймақтарында құстардың 8 600-ға жуық түрі таралған. Қазақстанда құстардың 489 түрі мекендейді. Олардың дене температурасы – тұрақты, жылы қанды әрі жоғары. Құстар барлық құрлықтарда кеңінен таралған.
Қазақстанда құстардың неше түрі мекендейді?
489
bio
Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5 000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» деп атайды.
Жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобы?
Сүтқоректілер.
bio
Әр түрлі ұлпалар бір-бірімен қосылып мүше түзеді. Мүше дегеніміз – белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
Бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі?
Мүше.
bio
Қан – сұйық дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.
Сұйық дәнекер ұлпа ол?
Қан.
bio
Эндокриндік жүйе – гормондар көмегімен ағзадағы барлық процестерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуі ол?
Гуморальдық реттелу.
bio
Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері – дендриттердің сыртында аққабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр затты түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған бір аксон болады.
Дендриттер дегеніміз не?
Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері.
bio
Иммунитет – қабылдамау, қарсы тұру мағынасын беретін, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұрады. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников
Иммунитеттің негізін салған ғалым кім?
И. И. Мечников.
bio
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды – донор, қабылдайтын адамды – реципиент дейді.
Реципиент деген кім?
Қанды қабылдайтын адам.
bio
Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше.
Жүрек дегеніміз не?
Кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті, қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
bio
Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа жүрек қабы– перикард қаптап тұрады. Жүрек пен перикардтың арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады.
Перикард деген не?
Жүректі қаптап тұратын, жүректін сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа жүрек қабы.
bio
Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты – эпидермис , ортаңғы қабаты – нағыз тері (дерма), ішкі қабаты – тері асты шел қабаты деп аталады. Соңғы кезде тері асты шел қабатын нағыз тері қабатымен қосып, бір қабат деп санайды.
Адам терісі неше қабаттан тұрады?
3
bio
Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бір-бірімен байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы – түйсік – инстинкт (латынша «іnstіnctus» – түйсіну) деп аталады. Түйсік едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі.
Түйсік деген не?
Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бір-бірімен байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы.
bio
Көмірсулар − органикалық заттардың ішіндегі аса маңызды қосылыстардың бірі. Көптеген көмірсулардың молекуласының құрамындағы сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп болатындықтан, оларды көмірсулар деп атаған. Көмірсу деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К. Шмид енгізген болатын.
Көмірсу дегеніміз не?
Молекуласының құрамындағы сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп органикалық заттардың қосындысының бірі.
bio
Липидтер (грекше “lipos” – май) – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтерге майлар және май тәрізді заттар − липоидтер жатады.
Барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді зат , ол?
Липид.
bio
Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек.
Сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет беретін зат не?
Оссеин
bio
Клетка орталығы бiр-бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриол қабырғалары микротүтiкшелер бар. Центриолдар цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады.
Бiр-бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелер не?
Центриолдар.
bio
Бүркеніш рең - бейімдеушіліктің бір түрі, ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен қоңыздарды қанаттарының немесе денесінің түрлі түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.
Бүркеніш рең дегеніміз не?
Бейімдеушіліктің бір түрі, ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі.
bio
Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі - сүт қышқылы. Гликолиз - адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия) организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты.
Гликолиз деген не?
адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі
bio
Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылдан басталады. Фотосинтез дегеніміз - жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез процесі өсімдік жасушасының құрамындағы хлоропластарда жүреді. Онда өсімдікке жасыл түс беретін хлорофил пигменті көк және қызыл сәулелерді сіңіріп, жасылды шағылыстыратындықтан жасыл түсті береді.
Жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі не деп аталады?
Фотосинтез.
bio
Нуклеотидтерің комплементарлық принципіне сай ДНҚ-дан ақпараттық РНҚ “тіліне” аударылып жазылу принципін транскрипция деп атайды. Транскрипция процесі жасушаның ядросында жүзеге асырылады, яғни информосомада жазылады. Информосома − синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпарат жазылған денешік. Информосоманы қазақ ғалымы, академик М.Ә. Айтхожин ашқан.
Информосоманы кім ашты?
Қазақ ғалымы М.Ә. Айтхожин.
bio
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos”- шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Генетиканың негізін салушы кім?
ағылшын биологы У.Бэтсон
bio
Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды.
Генетика дегеніміз не?
Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылым
bio
“Идиоадаптация” терминін 1931 жылы А.Н. Северцев ұсынған. Идиоадаптация (грек. іdіos – өзіндік және лат. adaptatіo – бейімделу) – организм органдарының құрылысы мен өздері атқаратын қызметінің тіршілік ету жағдайы ерекшеліктеріне қарай құрылымдық деңгейінің өзгермей, күрделенбей бейімделуі.
Идиоадаптация терминін кім ұсынды?
А.Н. Северцев.
bio
Прокариоттар – құрылысы өте қарапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұқым қуалау ақпараты жазылған ДНҚ цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналасқан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымда үлкен рөл атқарады.
Құрылысы өте қарапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер, олар?
Прокариоттар.
bio
Эукариоттар – сыртынан қабықшамен қапталған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналасқан. Барлық эукариоттар үш дүниеге бөлінеді: өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.
Эукариоттар деген не?
Сыртынан қабықшамен қапталған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер.
bio
Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң , жануарлар белгiлерiнiң ерекше даму циклiнің болуында.
Төменгі сатыдағы эукариоттар, олар?
Саңырауқұлақтар.
bio
Приматтар - жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды. Бұлардың арғы тегі қарапайым жәндікқоректі сүтқоректілер деп есептелінеді. Приматтар өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Қорегі — өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер.
Приматтар немен қоректенеді?
Өсімдік жемісімен, жапырағымен, гүлімен, тамырымен, жемісімен, жәндіктермен.
bio
Генотип деп — ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығын айтады. Генотипіне қарай организм гомозиготалы не гетерозиготалы болуы мүмкін.
Генотип деген не?
Ата-аналардан алынатын гендердің толық жиынтығы.
bio
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған.
Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы?
Гидробионттар.
bio
Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше.
Террабионттар олар?
Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдер.
bio
Популяция (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Әр популяция өзіне ғана тән статистикалық сипаттамалары және динамикалық сипаттамалары бойынша ерекшеленеді.
Белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобын не деп атайды?
Популяция.
bio
Биосфера- тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты.Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттары.
Биосфера неше қабаттан тұрады?
Үш.
bio
Нуклеин қышқылдары − тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула. 1868 жылы швейцариялық биохимик Ф. Мишер оны алғаш рет жасуша ядросынан тапқандықтан нуклеин қышқылы деп атады.
Нуклеин қышқылы дегеніміз не?
Тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.
bio
Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) — жоғары молекулалық байланыс нуклеин қышқылдарының типі. Табиғатта кеңінен таралған. РНҚ-ның көмірсу бөлігінде рибоза қанты, ал азотты негіздері ретінде аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
Рибонуклеин қышқылының азотты негізінде не болады?
Аденин, гуанин, цитозин және урацил болады.
bio
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант) , екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц), үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.
Дезоксирибонуклеин қышқылы деген не?
Барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер.
bio
Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Еуразияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Памир тауында Еуразиядағы ең ірі Федченко мұздығы орналасқан. Мұздықтың ұзындығы 77 шақырым. Тау басындағы мұздықтардан ірі өзендер бастау алады.
Федченко мұздығы қайда орналасқан?
Еуразия жер бедеріндегі Памир тауында.
geo
Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын не үшін пайдаланады?
үйлерді жылыту үшін
geo
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы, оның биіктігі 4750 м. Камчатка түбегінде орналасқан. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Ключи шоқысының биіктігі?
4750 м.
geo
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау Ключи Шоқысы, оның биіктігі 4750 м. Камчатка түбегінде орналасқан. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Камчатка мен Исландиядағы гейзер суын үйлерді жылытуға пайдаланады.
Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау?
Ключи Шоқысы
geo
Солтүстік Американың ең биік нүктесі Кордильер тауының солтүстігінде орналасқан Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м. Кордильер испан тілінен (Кордильера) аударғанда "тау жотасы", "тау тізбегі" деген мағына береді.
Солтүстік Американың ең биік нүктесі бұл?
Кордильер тауының солтүстігінде орналасқан Мак-Кинли шыңы
geo
Атлант мұхиты алабының басты өзені – Миссисипи, Солтүстік Америкадағы ең суы мол өзен болып саналады. "Миссисипи" атауы үндістер тілінде "су атасы" деген мағына береді. Миссисипи өзені ұзындығы жөнінен Ніл өзені мен Амазонкадан кейінгі үшінші орынды алады.
Миссисипи өзені ұзындығы бойынша нешінші орында?
Үшінші.
geo
Анхель сарқырамасы жер шарындағы ең биік сарқырама. Оңтүстік Американың солтүстігінде Гвиана таулы үстіртіндегі Ориноко өзенінің бір саласында орналасқан. Сарқыраманың биіктігі 1054 м. Сарқыраманы ұшқыш Анхель ашқан.
Жер шарындағы ең биік сарқырама?
Анхель сарқырамасы
geo
Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып саналады. Мадагаскар аралында маймылдардың ерекше тобын құрайтын шағын денелі лемурлардың 26 түрі мекендейді. Сонымен қатар Мадагаскарда пальманың желпуіш тәрізді ерекше түрі – саяхатшылар ағашы кең таралған. Лемур мен саяхатшылар ағашы – Мадагаскар аралының символы.
Мадагаскар аралының символы нелер?
Лемур мен саяхатшылар ағашы.
geo
Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Аустралия жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орынға ие. Материктің ауданы, маңындағы аралдармен қоса есептегенде, 7,6 млн шаршы шақырым.
Аустралия материгінің ауданы қандай?
7,6 млн шаршы шақырым.
geo
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі Мариан шұңғымасы Тынық мұхитта. Мариан шұңғымасының тереңдігі 11022 м. Мариан шұңғымасы Тынық мұхитының ең үлкен теңізі – Филиппин теңізінде орналасқан.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі қай мұхитта орналасқан?
Тыңық мұхитта
geo
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі Мариан шұңғымасы Тынық мұхитта. Мариан шұңғымасының тереңдігі 11022 м. Мариан шұңғымасы Тынық мұхитының ең үлкен теңізі – Филиппин теңізінде орналасқан.
Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі қайда орналасқан?
Филиппин теңізінде.
geo
Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон тауы, оның биіктігі 5140 м. Антарктидада таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатады, ал қалған бөлігі қалың мұз қабатының астында жатыр.
Антарктиданың ең биік нүктесі қалай аталады және оның биіктігі қанша?
Винсон тауы, 5140 м.
geo
Антарктидада табиғатының қаталдығына байланысты өсімдіктер мен жануарлар жоқ десе де болады.Антарктида жағалауында құстардың ерекше түрі пингвиндер көп таралған.Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкене пингвин.
Антарктидада ең көп тараған пингвин түрі қандай?
Адели.
geo
Урбандалу латын тілінен аударғанда "қалалану" деген мағына береді. Урбандалу дегеніміз қалалардың өсуі мен қала халқының санының өсуі. Урбандалу деңгейі Қытайда 45% болса, Кувейтте 98%-ды құрайды.
Урбандалу бұл?
Қалалардың өсуі мен қала халқының санының өсуі.
geo
Агломерация дегеніміз – ірі қаланың маңына орташа және шағын қалалардың шоғырлануы. Қазақстандағы ең ірі агломерациясы Қарағанды-Теміртау агломерациясы. Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады (Алматы мегаполисі).
Агломерация деген не?
Ірі қаланың маңына орташа және шағын қалалардың шоғырлануы.
geo
Адамзат тарихындағы ең алғашқы су электр стансылары XIX ғасырдың соңында Германиядағы Неккар өзені мен Ұлыбританиядағы Темза өзендерінде салынған.
Ең алғашқы су электр стансылары қандай өзендерде салынған?
Германиядағы Неккар өзені мен Ұлыбританиядағы Темза өзендерінде.
geo
Жүгерінің Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері Х.Колумбтың саяхатынан кейін дүниежүзіне таралған. Әлем бойынша жүгері өндіруші жетекші ел АҚШ болып саналады. Дүниежүзі бойынша жүгерінің 50% -ы АҚШ-та өсіріледі.
Жүгерінің отаны қай жер?
Оңтүстік Америка.
geo
Табиғи каучукты гевея ағашынан алады. Табиғи каучук өндіруден Азиядағы Тайланд, Индонезия, Малайзия көзге түседі.
Табиғи каучук алынатын ағаш?
Гевея ағашы.
geo
Канал – адамның қолымен жасалған өзен. Халықаралық саудада маңызы зор каналдар – Панама, Суэц каналдары. Суэц каналы Египет мемлекетінің меншігі болып саналады. Каналдың тереңдігі 16,2 м, ұзындығы 161 шақырым. Канал Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді байланыстырады.
Адамның қолымен жасалған өзенді қалай атайды?
Канал.
geo
Украинадағы ең ірі өзен – Днепр өзені. Бұл өзеннің Украинадағы ұзындығы 981 шақырымды құрайды. Украинадағы өзендердің көпшілігі Қара теңіз бен Азов теңізі алаптарына жатады.
Украинадағы ең ірі өзен?
Днепр.
geo
«Теоцентризм» (грек. theos – құдай) деп аталатын бұл көзқарас бойынша бүкіл дүниені, соның ішінде адамды да құдай жаратқан. Ал құдайдың құдіретіне шек жоқ, олай болса, адамның жаратылыс сыры тылсым, құпия, оны рационалды жолмен танып-білу мүмкін емес, тек жүрекпен түйсіну керек делінді.
Теоцентризм деген не?
Бүкіл дүниені, соның ішінде адамды да құдай жаратқан деген көзқарас.
history
«Теоцентризм» ол бүкіл дүниені, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген көзқарас.
Теоцентризм деген не?
бүкіл дүниені, соның ішінде адамды да құдай жаратты деген көзқарас
history
Көшкіндер - ауырлық күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы. Көшкіндер жер асты сулары немесе жауын-шашынның тау жыныстарының тепе-теңдігін бұзу нәтижесінде пайда болады.
Көшкін деген не?
Ауырлық күші әсерінен беткей бойымен тау жыныс массасының төменге қарай жылжуы.
history
Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі.
Жер сілкіну бұл?
Жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы.
geo
Карталардың түптелген жиынтығы – атластар деп аталады.Атлас карталары бірін-бірі толықтыратын, форматы мен проекциялары ортақ, масштабы жағынан біртектес болып келеді. Олар: географиялық, жұлдыздар жəне жекелеген аспан денелері атластары деп бөлінеді.
Атластар қандай түрлерге бөлінеді?
географиялық, жұлдыздар жəне жекелеген аспан денелері атластары
geo
Карталардың түптелген жиынтығы – атластар деп аталады.Атлас карталары бірін-бірі толықтыратын, форматы мен проекциялары ортақ, масштабы жағынан біртектес болып келеді. Олар: географиялық, жұлдыздар жəне жекелеген аспан денелері атластары деп бөлінеді.
Карталардың түптелген жиынтығы нелер?
Атластар
geo
Мадагаскар – Африканың ең ірі аралы. Мадагаскар аралында малагасийлер тұрады. Малагасий қара және моңғол нәсілінің араласуынан пайда болған халық.
Мадагаскар халқы қалай аталады?
Малагасийлер
geo
Мадагаскар – Африканың ең ірі аралы. Мадагаскар аралында малагасийлер тұрады. Малагасий қара және моңғол нәсілінің араласуынан пайда болған халық.
Африкадағы ең үлкен арал қалай аталады?
Мадагаскар
geo
Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет – Бахрейн. Бахрейннің астанасы –Манама қаласы.
Парсы шығанағындағы аралдық мемлекет?
Бахрейн.
geo
Левенгук амикроорганизмдер дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Микробиология (грекше «микрос» – кішкене, «логос» – ғылым) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.
Микробиология дегеніміз не?
Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым.
bio
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді.
Бактериоз дегеніміз не?
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайтын ауру.
bio
Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады.
Мақта өсімідігінде ауру туғызатын бактерия?
Гоммоз.
bio